Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан ауадан ақша "жасай" бастады

15:05, 20 мамыр 2024 461

Ауа сапасын жақсарту үшін Қырғызстан 50 миллион доллар алады. Экологиялық жағдайды жақсартуға қаржыны Халықаралық даму қауымдастығы бөледі. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Халықаралық даму қауымдастығымен республикаға 50 миллион доллар несие бөлу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Ақша республикадағы ауаның сапасын жақсарту жобаларына жұмсалады, - деп хабарлайды Alash.kz.

Қырғыз депутаттары осы жылдың сәуір айында бұл келісімді ратификациялайтын заң жобасын мақұлдаған.

Жоба ауа сапасының химиялық зертханасын жаңартуды және қаладағы тұрақты жасыл желектерді сақтау үшін Бішкекте ирригациялық жүйелерді орнатуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ атмосфералық ауаның сапасын басқару жүйесін жетілдіру және оны бақылау үшін автоматтандырылған станцияларды құру жоспарлануда.

Қаражаттың бір бөлігі үйінде таза жылу технологиясына көшкен азаматтарды қолдауға да бағытталады.

Естеріңізге сала кетейік,былтыр ауа сапасы рейтингін жариялайтын www.iqair.com сайтының мәліметінше, Бішкек ауаның ластануы бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар