Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы.
Телефонмен сөйлескен кезде Путин 71 жасқа толған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтаған.
– Екіжақты ынтымақтастықтың және әртүрлі форматтағы алдағы байланыстардың кейбір мәселелері қозғалды. Ресей-Қазақстан одақтастығы мен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген өзара көзқарас расталды. Владимир Путин кеше Қытай Халық Республикасына аяқталған мемлекеттік сапары туралы да өз әсерін айтты, - деп хабарлады Кремль.