Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай медицинасы басып озды. Елде алғаш рет екінші типтегі қант диабеті емделді

15:07, 01 маусым 2024 1080

Қытайда алғаш рет екінші типтегі қант диабеті толық емделді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ер адам 20 жылдан астам уақыт бойы сусамырмен ауырып, инсулин инъекцияларына толығымен тәуелді болған. Тіпті, асқыну салдарынан бүйрек трансплантациясын жасатуына тура келген. 

Ер адам жасушалық терапия арқылы емделді. Оған лангерганс атты инсулин бөлетін ұйқы безі жасушаларының кластерлері салынған. Нәтижесінде, операция болған уақыттан кейінгі 12 аптада науқас инсулин инъекциясын тоқтатты. 

Күн сайын бірнеше инсулин инъекциясын қажет ететін 2 типті қант диабетімен ауыратын 59 жастағы ер адамға инновациялық жасуша трансплантациясы жасалды. Ол 33 айдан бері инсулин қабылдамайды және басқа дәрі-дәрмектерді қолданбайды. Мұндай құбылыс басқа қант диабетімен ауыратын адамдарға үміт береді, - делінген мәліметте. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар