Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суға кеткен баланы қайсарлықпен құтқарып қалды. 11-сынып оқушысының ерлігі көпшілікті тәнті етті

21:13, 29 мамыр 2024 525

Астананың 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп.

№52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Марлен Көшербай Ақмола облысы үйлерінің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады.

Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды.



Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта «алтын» жеңіп алған, сол сияқты «Аршалы Барысы» турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты. Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен Ақмола облысының ТЖ департаментінің атынан марапатталды.

Ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар