Парижде өткен француз-қытай саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресей мен Украина арасындағы соғыс жөнінде ұсынысын айтты, деп хабарлайды alash.kz.
– Тараптардың бәрін диалогты қалпыла келтіруге, біртіндеп өзара сенімді бекемдеуге шақырамын, - дейді ҚХР төрағасы.
Сонымен бірге, ол Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде олимпиадалық бітімге келуге шақырды деп жазады Ұлысмедиа.
Қытай төрағасы Еуроодақ елдеріне кейінгі бес жылда бірінші рет барып отыр. Ол сапарын Парижден бастады.
Сондай-ақ Қытайдың Орталық теледидары:
"Екі мемлекет басшылары 1967 жылғы шекара шеңберінде өміршең, тәуелсіз әрі егемен Палестина мемлекетін құруға шақырды", — делінген телеарнаның келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдемесінде.
Си Цзиньпин Пэн Лиюань есімді жұбайымен бірге жексенбіде Парижге мемлекеттік сапармен келді. Әрі қарай, Қытай көшбасшысы Сербия мен Венгрияға баруда жоспарлап отыр.