Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызғалдақ жұлу қылмыс дейік. Бірақ 11 млн теңге айыппұл салу дұрыс па?

19:49, 19 сәуір 2024 588

Заңгер Ержан Болатбектің айтуынша, "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 Қаулысымен "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктер мен жануарлар тізімі бекітілген. Арасында қызғалдақтың және өзге де танымал өсімдіктердің түрлері бар. 

"Аса үлкен көлемде болмаса, жалпы өсімдік жұлғаны үшін көбіне айыппұл төленеді. Дегенмен осы салада ақпараттандыруды көбірек жүргізу керек. Сонымен қатар бірінші ретке, залал үлкен болмаған жағдайда ескерту немесе қоғамдық жұмыстарға жегумен ғана шектелу керек. Өйткені білместікпен осы қылмысты жасап жатқандар көп. Халықтың мұндай айыппұл төлеуге жағдайы да жоқ", – дейді заңгер Ержан Болатбек.

Экоблогер Базарбек Қамысбаевтың айтуынша, құзырлы органдар айыппұлды салмас бұрын қоғамды ақпараттандырып, ескерту жасауы керек. Ол айыппұлдың көлемі тым үлкен деп есептейді.

Жаным ашиды, себебі ойда жоқта білместікпен құрбан болып кетіп тұр. Бірінші рет бұзғаны үшін ескерту беру керек пе еді? Меніңше, айыппұл салғанға дейінгі ақпараттық жұмыстар дұрыс жүргізілмей жатыр. Мен интернеттен қандай өсімдікті жұлуға болмайтыны, жұлса, оған қандай айыппұл салынатыны туралы дәл фотосымен көрсетілген ақпарат таппадым. Полиция департаментінің өкілі "Әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жарияладық" дейді. Бірақ қарапайым халық полиция департаментінің парақшасын іздеп, қарап жүрмейді ғой. Одан да экология министрлігінің немесе ең болмағанда әкімдіктердің сайтына ма жариялау керек шығар. Онда суреттерімен, түсінікті түрде көрсетілуі керек", – дейді ол.

Қызғалдақтың "Қызыл кітапқа" енген 18 түрі бар. Экобелсенді соның бәрін айыппұл көлемімен көрсетіп қойса, халық біліп жүрер еді дейді. Дегенмен адамдар табиғатта әдепті түрде демалуды үйреніп, соны нықтап қолға алу керек деп есептейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар