Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны кезінде елімізде 7 адам қаза тапты - ресми мәлімет

12:07, 18 сәуір 2024 542

Қазақстандағы су тасқыны кезінде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. 

Тізімде Атырау облысынан 4 адам, Түркістаннан 1 адам тіркелді. 

«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.

«Оларды да су тасқынының құрбандары қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар