Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылжар қаласының тұрғындарына ауыз су жеткізілді

18:00, 13 сәуір 2024 308

Қызылжар (Петропавл) қаласының тұрғындарына уақытша ауыз су жеткізілді, деп хабарлайды Alash.KZ 9ұлттық порталы. 

Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады: 

_ Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін сорғы станциясында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өрт сорғы станциялары жұмылдырылды. Су құбыры желісі толтырылған бойда шамамен 19:00 дейін пәтерлерге су беру жоспарланып жатыр,- делінген хабарламада.

Бұл туралы қалалық әкімдік те мәлімдеді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауыз судың баламалы көзін қосу сәтті ұйымдастырылған.

Ортақ су жүйесіндегі қысым біртіндеп көтеріледі. Қысым қалпына келгеннен кейін су барлық үйлерге берілетін болады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар