Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз сатып, қыруар қаржы тапқандар үстінен іс қозғалды

09:50, 27 шілде 2024 403

Қызылорда облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына жол берген серіктестік үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Серіктестік дизель отынын сатып алу мен өткізудің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мемлекеттік мекемеге және 3 заңды тұлғаға сатып келген.

«Серіктестік аталған заңдылықты сақтамай 2019-2023 жылдар аралығында 26 мемлекеттік мекемеге және 3 заңды тұлғаға дизель отынын өткізгені анықталды. Оның жалпы көлемі 262 млн теңге. Бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, бүгінде іс аяқталу сатысында», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Сондай-ақ биыл ҚР Қылмыстық кодексінің 197 және 218-баптары бойынша екі серіктестікке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар