Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚР СІМ Лукашенконың «Ресейден көмек сұрайтын күн алыс емес» деген Қазақстан туралы мәлімдемесіне жауап берді

12:16, 22 тамыз 2024 1919

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Беларусь елшісін шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь жағын "қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырған".

"Министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушіліктер саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Министрлік хабарламасында Беларусь елшісін шақыруға қандай жайт түрткі болғаны айтылмайды.

Бірнеше күн бұрын ресейлік "Россия" телеарнасына берген сұхбатында Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко постсоветтік кеңістіктегі кейбір елдерді "Ресеймен әділетсіз қарым-қатынас жасап отыр" деп айыптаған еді.

"Бірге болайық. Ресейден көмек сұрайтын уақыт алыс емес. Көмек сұрайтын басқа ешкім жоқ... Қазақстанда бірдеңе болып еді - кімнен көмек сұрады? Қытай, Үндістан, Пәкістан? Жоқ, Путинге көмектесіңіз деді. Және біз [ҰҚШҰ] күштерін сол жаққа жібердік, жарты күн ішінде ұшақтарымыз қонып, [тәртіпсіздікті] басты. Мен кінәлап отырған жоқпын" деген еді Лукашенко.

Авторитар жетекші сұхбатында Армения басшылығын да сынап "армяндар бізден басқа кімге керек?... Қайдағы Франция, қайдағы Макрон? Ертеңгі күні Макрон кетеді, болды бәрі Арменияны ұмытып кетеді" деген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар