Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері

16:22, 23 мамыр 2024 527

Елімізде түрлі ұлттық жобалар аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жалпы елдің дамуында, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуында ұлттық жобалар шешуші рөл атқарады. Оларды жүзеге асыру мемлекет алдында тұрған түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге ықпал етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Дәл осындай жобалардың бірі 2021-2025 жылға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысы ұлттық жобаның тізбесін 2021 жылы 13 қазанда бекітті. Жалпы бұл жоба өңірлер мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамытуды, сонымен бірге инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ұлттық жобаның мақсаты – негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, жоба көліктік байланысты қамтамасыз етуге және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазақстандықтар 2021 жылғы есеп бойынша 1 миллионнан астам адам сапалы ауыз сусыз болған. Олардың ішінде шамамен 770 мың адам ауылда, 280 мың адам қалада тұрған. Бұл жетіспеушілік халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасына елеулі мәселелер туғызғаны анық. Соны ескере отырып, Астана қаласында өңірлерді, ауылдық елді-мекендерді таза ауыз сумен қамту мәселелері, көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше көлемді іс-шаралар орындалған. Ал жоспарлар тізімінде, 4 млрд теңгеге талшықты цемент тақталарын шығаратын нысанды салу бар. Сонымен қатар бетон өнімдерін шығаратын өндірістік орын шығару да жоспарда.

Елордада, әсіресе, халықты сумен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жақсарту тұрғысындағы соңғы жетістіктерге тәнті. Тұрғындардың барлығы дерлік, яғни халықтың 99,9 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған, бұл аудандағы инфрақұрылымның оң бағытта бағытталуын, әрі жоғары деңгейін көрсетеді.

Жол желісін дамытуға көңіл бөліну де маңызды. Жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және қайта жаңартуға 82,5 миллиард теңге қомақты қаражат бөлінді, бұл көлік қолжетімділігін арттыруға және облыс экономикасын дамытуға ықпал етеді. Биылғы жылы жол желісін 13 шақырымға айтарлықтай кеңейту, сондай-ақ 55 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаты – еліміздің барлық аймақтарында тең өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін республиканың әр түкпірінде белсенді түрде жүзеге асырылып жатқан «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы енгізілді.

2023 жылы елордада осы жоба аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға қомақты қаржы, 22,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қала ортасын жаңғыртуға және азаматтардың өмірін жақсартуға деген байыптылықты көрсетеді.

Айта кетерлігі, бұл жобаны қаржыландыру әртүрлі көздерден келеді. Республикалық бюджеттен трансферттер мен борыштық қорлардан бөлек, жергілікті бюджеттерден қомақты сомалар бөлінуде, бұл бұл жобаның мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері үшін маңыздылығын және оның ұлттық даму тұрғысынан басымдылығын атап көрсетеді.

Сонымен қатар, қалада тұрғын үйлердің сапасы мен қауіпсіздігіне де баса назар аударылуда. 2024 жылы елорда әкімшілігінің мәліметінше, 60 апатты жағдайда тұратын елордалық тұрғындар жаңадан салынып жатқан 1400 пәтерге қоныстанбақ, сонымен бірге 4200 адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңірде тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеу бағдарламасы аясында ескі үйлерді бұзып, тұрғындарды жаңа пәтерлерге орналастыру жоспарлануда. 2013 жылдан бері елордадағы тозығы жеткен 286 үйден жаңа қоныстарға көшкен 4500-ден астам отбасы жаңа жайлы пәтерге ие болды. 2023-2029 жылдар аралығында Астанадағы 206 апатты үйлердің тұрғындарын тұрғын үйлерді жөндеу жобасы аясында 4710 пәтерге көшіру жоспарлануда. Тұрғын үй қорын жаңарту тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу және азаматтарды жаңа тұрғын үйлерге көшіру арқылы қаланың ескі кварталдарын кешенді қайта құруды көздейді. Жоба шарты бойынша тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарды есепке ала отырып, бөлме саны мен тұрғындарына қарамастан бір бөлмелі пәтер беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй-жайларды абаттандыру мақсатында тұрғын үй кешендерін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үйлерді салу және ұзақ мерзімді құрылыс нысандарын аяқтау жұмыстары да жүргізілуде.

Сонымен қатар, былтыр БҰҰ-ның Даму бағдарламасының аясында Астанада 5 үй энергия тиімділігі тұрғысынан жаңартылды. Бұл жоба Жаһандық экологиялық қордың (ҒЭҚ) қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамалардың бірі болды. Аталған жобаға Астана қаласындағы 1964 жылы салынған көппәтерлі 5 тұрғын үй кешені қарастырылған.

Жаңғырту аясында тұрғын үйлердің энергия тиімділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған түрлі жұмыстар жүргізілді. Қабырғалар мен пана панельдері жылуды үнемдейтін материалдармен қапталды, сондай-ақ суағарлар мен дренаждық жүйелер қалпына келтірілді. Сыртқы есіктер мен балкон құрылымдары ауыстырылып, тұрғын үй-жайлардың оқшаулануы мен қауіпсіздігі жақсарды. Кіреберістерге жарықдиодты жарықтандыру жүйелері орнатылды, бұл энергия шығынын азайтып қана қоймай, үй-жайларды жақсырақ жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жылу, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерінің құбырлары ауыстырылды, бұл инженерлік желілердің сенімділігі мен тиімділігін арттырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар