Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аға мені құтқар, өлтіреді: Жоғалып кеткен Жандос әлі табылмады

18:37, 21 мамыр 2024 637

Өскеменде “Ертіс өзеніне секіріп кетті” деп хабарланған 22 жастағы Жандос Баянов бірнеше күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Bizdin Oskemen сайты хабарлады.

Ағасы іздеу жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

– Құтқарушылар бір ғана қайықпен іздеп жатыр. Арасында өзім де олармен бірге өзен бетіне шықтым. Мәшинемен де Ертіс өзенінің жағалауын күнде қарап жүрмін. Бірақ таба алмадық. Суға 15 мамырдан 16 мамырға ауған түні сағат 00.45 шамасында секірген. Құтқарушылар іздеуге бірден көшкен жоқ, — деді Айбол Баянов.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы, іздеу полициядан шағым келген сәтте басталды дегенді айтады. 

– Іздеу жұмыстары жүгінген уақыттан, атап айтқанда 2024 жылғы 16 мамырдан бастап басталды. Күн сайын қайықтағы құтқарушылар жағалау сызығын зерттейді, іздеу жұмыстарына күшті ағын мен су аймағының ұзындығы қиындық туғызып отыр.
Іздеулер Предгорное кентіне дейін жүргізілді және қазіргі уақытта әрбір учаске егжей-тегжейлі тексеріледі, – дейді департамент.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар