Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен әрбір тұрғынға 369 мың теңгеден төленді

14:55, 26 сәуір 2024 302

Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға шамамен 370 мың теңгеден төленді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

Бүгінде Жылыой ауданы Құлсарыда қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

"Кейінгі тәулікте 77 үйге жарық пен 150 үйге газ беріле бастады. 25 сәуірдегі мәліметке сәйкес Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 3 591 адамға 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде бірыңғай әлеуметтік төлем төленді", - деді Руслан Жұмағазиев ОҚК-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде 1,8 млн текше метр су сорылып шығарылған.

"25 сәуірдегі жағдайға сәйкес 1 710 жер үйден су кері қайтты. Сондай-ақ, өткен тәулікте 100 үй мен 3 әлеуметтік нысан дезинфекцияланды", - деді баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар тұрғындардан шығынды өтеу бойынша 2523 өтінім түскен. Тасқыннан кейін мүлікті бағалау жұмысына 40-тан аса маман тартылды.

Руслан Жұмағазиев Атырау облысы Жайық өзеніндегі жағдайға тоқталды.

"Тасқынға қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр. 521 шақырым болатын бөгеттің 500 шақырымнан асатын бөлігі тұрғызылып, 4,7 ммиллион қап төселді. Оған 15 мың адам тартылып, 1,5 мың техника жұмылдырылды. Алдағы 3-4 күнде бұл жұмыс толық аяқталады", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар