Мәселен, ресейлік «ЕуроХим» Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ. Жобаға Батыстың санкциясына іліккен ресейлік миллиардер Андрей Мелнишенко «кураторалық» етеді.
Смайылов үкіметі мен олигархтың арасындағы уағда Мелнишенко санкцияға ұшырамай тұра жасалған. «ЕуроХим» екі кезеңнен тұратын жобаға жалпы құны 1 млрд доллар инвестиция құюға уәде еткен.
Кешеннің қабырғасын қалап алғасын Мелнишенко Қаратаудың қойнауын қопара бастайды. Таудың түбін үңгіп алынатын фосфор, азот, калий секілді аса қат тұздар қазақстандық аграрилерге бұйыра ма, жоқ па, мәселе сонда.
Ресейлік олигарх негізін қалаған компания елімізге ескі Қазақстанның тұсында енген. 2008 жылы «ЕуроХим» 15 жыл бойы тұралап тұрған «Сары Тас тыңайтқыштағы» мемлекеттің үлесін сатып алған.
Ал Жамбылдағы зауыт бойынша Смайылов үкіметі мен орыс олиграхының арасында қандай диалог жүргені белгісіз.
DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша үкімет ресейлік инвесторды салық атаулыдан босатып, санкция құрсауындағы Мелнишенкоға барынша жеңілдік жасарын айтқан. Орыс миллиардері өз тарапынан кешеннің шығынын толықтай мойнына алуға уәде берген.
Минералды тыңайтқыштар өндірісін монополиялап алған «ЕуроХимнің» структурасына алдағы уақытта тереңірек үңілетін боламыз. Бізге белгілісі: компания тұрақтының тіркеуі Ресейде емес, Швейцарияда.
1 млрд 💰 әлбетте, аз ақша емес.
❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Мелнишенко қомақты инвестиция құюға бел буса, қазақ билігінің оған жасар ТАРТУЫ дайын тұр.
Болашақта еліміздегі аммиак өндіретін жалғыз зауыт «ҚазАзотты» ресейлік олигархтың меншігіне береді. Селитра өндіретін кәсіпорынға бұған дейін экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев мен Ахметжан Есімовтың туған-туыстары иелік еткен. Қаңтар қырғынынан кейін әулет өкілдері Қазақстандағы активтерінен апыл-ғұпыл арыла бастаған еді. Ал сіз бен біз секілді қарапайым халыққа бір қолдан бір қолға жатқан өтіп стратегиялық нысандардың қызығын көру бұйырмаған сынды.