Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғыз депутаты Ресейден көшірілген БАҚ туралы заңға қарсы шықты

07:24, 06 ақпан 2024 250
Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жанар Ақаев БАҚ туралы заң жобасының шикі екенін айтты. Бұл туралы ол парламенттің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі комитетінің отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, құжат журналистердің лауазымды тұлғалардан ақпарат алу құқығын шектейді.
«Олар барлық мемлекеттік органдардан аккредитация алуы керек. Сонда не үшін жұмыс істеу керек? Мен заң жобасын талдап шықтым. Оның 95 пайызы ресейлік аналогтардан көшірілген. Бұл нысанда құжат қабылданбайды. Мұндай мәселелер қоғамдық талқылау арқылы шешілуі тиіс. Жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді, бірақ олардың пікірлері тыңдалмады. Министрлер кабинетімен ортақ пікірге келуіміз керек. Заң қабылданса, көптеген БАҚ жабылады», – деген депутат бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды ұсынды.

Мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтов аккредиттеу мәселесі бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, пысықталған жобаға енгізілгенін айтты. «Біз барлық айтылған ұсыныстарды ескердік, сондықтан құжатты қолдауларыңызды сұраймын», - деді ол.

Депутаттар Жанар Ақаевтың ұсынысын қолдап, заң жобасын кеңінен қоғамдық талқылаудан өткізу туралы ұсыныспен мәселені күн тәртібінен алып тастады.

Фото: kg.akipress
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар