Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектенов кім?

06:16, 06 ақпан 2024 363

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Премьер - министр қызметіне Олжас Бектеновтың кандидатурасы ұсынылғанын мәлімдеді. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды, делінген хабарламада. 


Сонымен, Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектенов кім?

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.  Мамандығы - Заңгер.

2001 жылы - Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.

2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.

2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.

2012-2014 жж. –  ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы.

2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, 2-дәрежелі «Айбын», 2-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің генерал-лейтенанты.

Фото: Amanat партиясы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар