БАҚ мәліметінше Навальный түзету мекемесінде серуеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінген.
"Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты", – делінген федералды қылмыстық атқару жүйесі басқармасының хабарламасында.
Ал Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жайтқа қатысты барлық мән-жай анықталып жатқанын айтты.
“Білуімше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қазір бұл деректің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл үшін ешқандай бұйрық керек емес, белгілі ережелер бар. Өлімінің себебін мәскеулік дәрігерлер анықтауы қажет”, – деді Песков журналистердің сауалына жауап беріп.