Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысында қар құрсауында қалған тұрғындарды құтқаруға тікұшақ жұмылдырылды (видео)

11:09, 16 ақпан 2024 206
Желіде Абай облысы Көкпекті ауданында боранда қалған адамдардың видеосы тарады. Құтқарушылар алыс жолға шықпауға кеңес бергенімен, кей тұрғындар ескертуді елемей сапарлаймын деп қар құрсауында қалып жатыр.

Бүгін МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.
“Жолаушылар автобусынан “Вахта” автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі анықталып жатыр. Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды”, делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.

Сенім телефоны ашылды: 8 7222 35-38-31.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар