Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресейдің ар жақ бер жағы". Зеленский Иранның Израильге жасаған соққысына пікір білдірді

18:24, 14 сәуір 2024 1112

Украина президенті Владимир Зеленский Иранның Израильге жасаған ауқымды соққысын айыптады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Украина Иранның Израильге қарсы шабуылын, "Шахид" дрондары мен зымырандарды  пайдаланғанын айыптайды. Біз Украинада Ресейдің "Шахид" дрондары мен ресейлік зымырандарды қолданатын осындай шабуылдарының барлық қасіретін, сондай-ақ жаппай әуе соққыларының тактикасын жақсы білеміз", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, Таяу Шығыста одан әрі өршіп кетпеу үшін бар күш-жігерді салу керек.

Сонымен қатар, Зеленский дрондардың шабуылын тоқтатуға түрлі кездесулер мен әлемдік пікірталастардың әсер етпейтінін айтты.Баяндамалар мен жиында айтылған сөздер  дрондарды тоқтатпайтынын немесе зымырандарды атып түсірмейтінін жеткізді. 

Иран Израиль аумағында 13 сәуірдің кешінен бастап ондаған соққы беретін дрондар мен зымырандарды ұшырды. Айта кетейік, 1 сәуірде Израиль Сириядағы Иран елшілігіне соққы берді. Екі аптадан кейін Иран қарсы шабуыл жасады. Жалпы алғанда, Иран Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран атқан.

Өз кезегінде Израильдің БҰҰ-дағы Елшісі Гилад Ердан сөз алып, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке өтініш айтты. Ол Иранның Израильге жасаған шабуылы үшін соттауды сұрады. Гутерриш те мұндай қақтығысты қабылдай алмайтынын жеткізіп, ауыр шиеленісті айыптады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар