Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салтанат Нүкенованың ағасының түсіне кіріп, "аян бергені" айтылды

10:43, 13 сәуір 2024 3429

Салтанат Нүкенованың ағасының түсіне кіріп, "аян бергені" мәлімделді. Айтбек Амангелдінің айтуынша, қарындасы Салтанат Нүкенова, бір рет ғана түсіне кірген. Түсінде аян берген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме көрсете отырып.

Айтбек Амангелді Дана Орманбаеваның «Дай слово» бағдарламасына берген сұқбатында түсінде Салтанатты көргенін айтты. Айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған. 

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді көпшілікке өз түсін баян ентті. Оның айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған. 

Қазір қарындасының есімін қараламай, оның өліміне себепкер болған адамдар заң түрінде қатаң жазалануына барын салуда. Еліміздің білікті адвокаттары көмекке келіп, күн сайын сот процесінде мүдделерін қорғап келеді. Одан бөлек, қаншама қазақстандық марқұмның ағасына жан-жақты қолдау білдіріп келеді.

Бұл түсті ағасы қараша айының ортасында көрген. Көргенін жақын адамымен бөліскен. Ол әйел мешітте жұмыс істейді. Айтуынша, ол әйелдің өлген адамдардың рухымен сөйлесе алатын қасиеті бар. Салтанат оған жерлеу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеуді сұраған екен. 

Орайы келгенде айта кетейік, 11 сәуір күні Қазақстан парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады. Аталған заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтеді. 

Осы тұста Айтбек Амангелді түсінде көрген сол екі санды «11» деп өзінше жорамалдады. Ойынша, Салтанат оған аян берген.

11 саны:

11 қараша – Салтанат жер қойнына тапсырылды;

11 наурыз – Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтті;

11 сәуір #Салтанатзаңы қабылданды.

«Енді не болады? Тағы бір айтылмаған дүние бар. Оны сот отырысы аяқталған соң айтамын», - деп жазды Айтбек Амангелді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар