Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сапасы - қалыпты". Денсаулық сақтау министрлігі тасқын кезіндегі су сапасын сөз етті

09:32, 13 сәуір 2024 584
13 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елді дүрліктірген су тасқыны кезіндегі судың сапасына тоқталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Су тасқыны жағдайындағы судың сапасы қалыпты,- деді министрлік өкілдері.  

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша,аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары ауыз судан сынама алып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізілуде. 

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдаулар үшін сынамалар алынды.

Бір айта кетерлігі, су тасқыны басталғалы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен түрлі сынамалар алынған. Олардың жалпы саны - 6 мыңнан астам.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды.

Сәйкес келмейтін сынамалар жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының назарына ұсынылады. Нәтижесінде,қауіпсіз ауыз су ұсынуды, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қолға алынады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар