Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сара Назарбаева негізін қалаған институтты мемлекет өз меншігіне алып алды

18:53, 16 маусым 2024 446

"Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енді. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы halyquni.media-ға сілтеп хабарлайды. 

 Сара Назарбаева негізін қалаған институттың мемлекет меншігіне өткені белгілі болды. Бұл хақында Үкімет қаулысындатуралы жарияланды.

Орайы келгенде айта кетейік, "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы институты кейінгі 2 жылда жұмыс бағытын өзгертіп, ребрендинг жасаған. «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» ендігі жерде «Өркен» балалар саламаты ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» деп жарияланды.

«Аталған институт 2021 жылы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» қорының жанынан ашылған еді. Институттың негізгі миссиясы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу болды. Ал Қазақстанда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатты», – делінген хабарламада.

Ендігі уақытта «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесіне жәрдем берумен айналысады. Оның негізі мақсаты – қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің деңгейіне дейін арттыру.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар