Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Медицинада шығындар мүлде бақыланбайды: Біртанов медицина саласындағы кемшіліктер туралы айтты

14:54, 12 маусым 2024 589

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның медицина саласындағы шығындары мәселесі жөнінде ойын ортаға салды, деп хабарлайды Alash.kz сайты. 

Біртанов саланың проблемаларын шығындардың бірыңғай цифрлық мониторингінің болмауымен байланыстырады.

– Онкологияға, дәрі-дәрмекке, жалақыға ақшаның жетіспеушілігі, "қаркесек" секілді өсіп келе жатқан барлық мәселе ауруханалардың қарыздары бір проблемамен байланысты – біздің медицинада шығындардың бірыңғай цифрлық мониторингінің болмауы, - деді ол. 

Экс-министр бұл міндетті 2015-2020 жылдары Ericsson жаһандық компаниясы әзірлеген Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай интеграциялық платформасы орындауы тиіс екенін атап өтті дейді Ulysmedia.kz.

– Бірақ платформаны іске қосу жұмысын 2020-22 жылдары денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы құқық қорғау органдарының қысымымен тоқтатты. Соның салдарынан қазір медицинада шығындар мүлде бақыланбайды. Осы жылдың басынан бастап ауруханалар мен емханалар тарапынан орындалған жұмыстардың актілерін тексеру және төлеу мүмкіндігі де жоқ. Мұның салдары – терең жүйелік дағдарыс, - деп қосты ол.

Еске ала кетейік, осы жылдың ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы онкологияның таралуы бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұрғанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар