Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сарапшылар ресейлік компанияның отандық жобаға енуі белгілі көлемде қауіп-қатер туғызатынын айтады

12:27, 19 сәуір 2024 499

Ресейлік СИБУР қазақстандық мұнай-химия жобасының құрамына енгені белгілі болды.

Қазақстанның батысында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) компаниясына тиесілі полипропилен өндіру зауыты сәтті іске қосылды. Қазір бұл жобаның 40% акциясы ресейлік СИБУР компаниясына тиесілі. Тараптар арасындағы алғашқы келісімдерге 2022 жылы қол қойылғанымен барлық шартты талқылауға көп уақыт кеткен деп хабарлайды alash.kz сайты dalanews.kz/ке сілтеп.

Петрохимия саласындағы ең ірі ресейлік өндіруші СИБУР бұл ынтымақтастықты аймақтағы ықпалын кеңейтуге мүмкіндік болады деп санайды. Зауыттың жоспарлы жылдық қуаты - Теңіз кен орнында өндірілетін пропаннан өндірілетін 500 мың тонна полипропилен.

KPI иелену схемасы мынандай: акцияның 49,5 пайызы қазақстандық «ҚазМұнайГазға» тиесілі, ал 40 пайызы СИБУРДА, 9,5 пайызы «Самрұқ-Қазына» қорына тиесілі болса, қалған 1 пайызы «АЛМЭКС» қазақстандық жеке компанияға тиесілі.

Сарапшылар пікірінше ресейлік компанияның отандық жобаға енуі белгілі көлемде қауіп-қатер туғызады, нақтырақ айтқанда Қазақстанның теріскей көршінің алдындағы тәуелділігін арттырып, экономиканың маңызды секторларын ресейлік инвестицияға байлап қоюы мүмкін. Бұл өз кезегінде Кремльдің аймақтағы саяси ықпалының еселеп артуына алып келеді.

Сонымен бірге, СИБУР секілді ірі ойыншының ел экономикасына қаржы құюы өндірістік қуатты артырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсерін тигізуі мүмкін.

Дей тұрғанмен, Астананың алдында егемендікті сақтау мен экономикалық тиімділікті есепке алу дейтін ауыр дилемма тұр.

Бұл балансты сақтауда Бектенов үкіметінің қандай шешім қабылдайтыны маңызды, қалай болған күнде ұлттық мүддені қорғау осынау жобаны дамытудағы басты басымдықтың бірі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар