Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Салтанат заңы". Бұдан былай қатын ұрғыштарға заң қатаң

11:39, 19 сәуір 2024 731

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы ушығып тұр. Жуырда тиісті заң қабылданды. Бұл заң халық арасында "Салтанат заңы" деген атауға ие болды. Яғни заңда әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.

Заңның мақсаты - әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Жауапты орган өкілдері заңның маңызын түсіндіріп берді деп хабарлайды alash.kz сайты dalanews.kz/ке сілтеп.

Енді отбасында күш көрсеткіш "мықтыларды" екі жылға дейін бас бостандығынан айыру, соққыға жыққаны үшін ірі көлемде айыппұл секілді жазалар күтіп тұр. 

"Осы заңды дайындау үшін соңғы бір жарым жыл ішінде ішкі істер министрлігі бірнеше халықаралық форум өткізді. Барлық жерде қоғам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты. Осыдан кейін депутаттар ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы бастама көтерді.

Осылайша, Қылмыстық кодекстің 108-бабының 1-бөлігіне ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") енгізілген өзгерістерге сәйкес, санкция 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасын көздейді", - деді Зулхайыров.

Сондай-ақ, 108-баптың 2-бөлігіне сәйкес қызметтік әрекетті жүзеге асыруға байланысты, аса қатыгездікпен екі және одан да көп адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер, сол сияқты кінәліге көрінеу тәуелді (материалдық, отбасылық қатынастарда) адамдар тобында кәмелетке толмағандарға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған әрекетке 1000 АЕК-ке дейін (3 млн 692 мың теңге), 1000 АЕК-ке дейін түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылады.

"Күйеуі әйелінің көзін көгертсе және сарапшы мұны денсаулыққа келтірілген зиян деп таныса, онда бұрынғыдай 15 тәулікке емес, екі жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Егер денсаулыққа мұндай зиянды жұбайы емес, айталық, бірге тұратын адам немесе жәбірленушінің жай танысы келтірсе, онда ол 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады", - деп жазылған мәліметте.

Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірілмеген (яғни дене жарақаты болмаған кезде) жағдайда ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 80 АЕК-ке дейін (295 360 теңге) айыппұл, 80 АЕК-ке түзету жұмыстары, 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді. Бірнеше рет ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру үшін тиісінше 30-50 тәулік қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

"Сонымен бірге, заңда агрессорды басқа тұрғын үйі болған жағдайда ғана үйінен шығаруға болатыны туралы ереже алынып тасталды. Енді ерекше жағдайларда, соттың шешімі бойынша, агрессорды тұратын жері болмаса да, үйден шығаруға болады. Ол бейімделу орталығында (үйсіздер орналастырылған жерде) тұра алады, бірақ өз есебінен", - деп жазылған мәліметте.

2017 жылы соққы және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабын әкімшілік кодекске қайтару ұйғарылған.

"Осыдан кейін статистика көтеріле бастады. Бірақ одан әрі талдау үш негізгі мәселені көрсетті. Осылайша, агрессор мен жәбірленуші бірнеше рет татуласа алды. Соттардың шешімімен тәртіп бұзушылар негізінен бір тәулікке ғана қамауға алынды. Ең бастысы, жәбірленушілер арыз жазудан бас тартты. Осыған байланысты 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап татуласу рәсімі қатайтылды - енді татуласу тек сотта бір рет жасалуы мүмкін.

Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері енгізілді: отбасылық жанжал үшін 5 тәулік, ұрып-соққаны үшін 10 және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 15 тәулік. Үшіншіден, біз декларативтіліктен тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көштік. Бұрын қоңыраулардың 60 пайызы жауапсыз қалса, қазір 95 пайызында кінәлілер жауапқа тартылады", - деді құқық қорғау маманы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар