Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайты хабарлады.
Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. ОСК сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, сайлаушылардың 72,97 пайызы Демократиялық партияның кандидатына дауыс берген.
– Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті деп танылды, – делінген хабарламада.
Түркіменстан заңына сәйкес президент 40 жастан кіші бола алмауы керек. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың қыркүйегінде 40-қа толған.
Дереккөз