Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шавкат Рахмонов өзіне сезімін білдірген америкалық журналистке жауап берді

13:24, 10 наурыз 2023 284
 


28 жастағы UFC боксшы Шавкат Рахмонов қыздардың жүрегін жаулап алды, –  деп хабарлайды inbussines.kz.

Америкалық Джефф Нилді 17:0 есебімен жеңгеннен кейін Шавкаттың бейнероликтері әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірді.

UFC салмақ өлшеу шоуының эфирінде спорт журналисі Лаура Санко жеңіліп көрмеген қазақстандықты көргенде «денесі тітіркеніп кеткенін» мойындады. Бойжеткен Шавкаттан сұқбат алуды армандайтынын айтты.

Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.

«Мұндай жағдайда не айтарымды да білмеймін. Әйел адам мақтап жатса, ер адам ретінде риза боласың», – деді боксшы.

Спортшының әйелі бар екенін білетіндер аз, бірақ ол отбасын көпшілік алдына сирек шығарады.

Айта кетейік, былтыр Шавкат ұлды болды. Есімі – Керем.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар