Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шыдағанша шыдаңыз, күйеу бекер ұрмайды - БЛОГЕР

13:24, 16 сәуір 2024 631

Танымал блогер, гинеколог-эндокринолог  Балнұр Қошанова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы зорлық тақырыбына қатысты ойымен бөлісіп, оқырмандарының ашуын тудырды, - деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Дәрігер Instagram-да жариялаған видеосында «әйел 5000 сөз айтса, күйеуі 20 сөз ғана айтады, сөздік қоры таусылған соң жұдырық ала жүгіреді» деген пікір айтқан еді. Сондай-ақ блогер көзінің неге көгергенін түсіндірді.

Кеше бір процедура жасаған едім. Содан бетімнің көгергені кетпеген. Менің аудиториям түсінгенімен, сырттан келгендер түсінбей жатыр. Дұрыс мен сіздерге «таяқ жеп шыдаңдар» деп үгіттеп жатқан жоқпын. Бірақ шыдағанша шыдаңыз. Алланың ең жек көретіні  - ажырасу. Сіздердің араларыңызда не болғанын мен де, ата-аналарыңыз да, психологтар да білмейді. Тек сіздер білесіз. Әйелдің аузынан 5 мың сөз шықса, ер адамнан 20 ғана сөз шығады, сол сөз таусылғанда жұдырығын алып жүгіреді. Ол бекерден бекер ұрмайды ғой, әр нәрсенің себебі бар. Ал ортадағы бала ше? Жартылай жетім болып өскен бала бақытты болып өсе ме? - дейді ол видеода.              

500 000-нан аса оқырманы бар блогер-дәрігердің видеосы оқырмандарының ашуын тудырып, көбі көңілі қалғандарын айтып жатты.

«Бишимбаев пен Салтанат бакытты болды ма? Шыдап», «Сіз ажырасып жалғыз бақытты болмайсыз деген сөзіңізге келісе алмаймын.Ойткені бақытты болу күйеуі бар жоқ дегенге қарамайды», «Маған қызық осындай оқыған әйелдер осылай әңгіме айтып отқаны. Сен таяқ жемей-ақ, ол ұрмай-ақ, Нормалный Отбасы болуға болмай ма?», «Маскара , еркектин ісін ақтап отырсыз ба!!! Одан да тақырыпты жауып қоя салсаңызшы, ұятқа қалмай!!! Сіз үшін мен ұялып отырмын!», «Сонда ұрып, зақым келтіріп жаткан адамды Алла жақсы көрип отырады ма сіздің ойынызша? Не айтып отырсыз вообще? Сіз сиякты адамдардың арқасында баска мұсылмандарды надан кореді ғой». – деп жазды оқырмандары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар