Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шойгу қызметінен босатылды

09:26, 13 мамыр 2024 591

Сергей Шойгу Ресейдің Қорғаныс министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды alash.kz РБК-ға сілтеме жасап. 

Владимир Путин экс-министр Шойгуды Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады. 

Ал бұл қызметте болған Николай Патрушев қызметінен кетті. 

"Патрушев басқа жұмысқа ауысуына байланысты хатшы қызметінен босатылды. Ол әлі жұмысын жалғастырып жатыр, алдағы күндері қайда тағайындалғанын хабарлаймыз. Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымында Президенттің ҚПК жөніндегі комиссиядағы орынбасары болады", - деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Ресейдің үкіметі толық отставкаға кеткен болатын. Бұл Владимир Путиннің президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты автоматты түрде болатын процесс. 

Бұған дейін Госдума депутаттары Михаил Мишустиннің премьер-министр болып қайтадан сайлануына дауыс берген болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар