Тимур Құлыбаев наурыздың соңында Лондондағы зәулім үйін 34,7 млн фунтқа сатты. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді.
Букингем сарайынан небәрі бірнеше минут жерде орналасқан, Upper Grosvenor Street, 41 мекенжайында орналасқан баспананы Deutsche Bank-тің жылжымайтын мүлік саласы бойынша ерекше жағдай жөніндегі бөлімнің бұрынғы директоры Бен Уильямс негізін қалаған North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Аталған компания оны қайта жөндегісі келеді деп жазды Financial Times.
Құлыбаев Upper Grosvenor Street, 42 мекенжайында орналасқан көрші ғимаратты да сатқысы келеді. Алайда әзірге сатып алушы таба алмаған.
“Ұлыбритания үкіметі жылжымайтын мүлікке қатысты ашықтықты бұзған соң мәліметтер Құлыбаевтың 2023 жылы Upper Grosvenor Street 41 мекенжайына иелік ететін Британдық Виргин аралдарындағы Merix International Ventures компаниясының иесі ретінде тіркелгенін көрсетті. Былтыр желтоқсан айында Құлыбаев Люксембургте орналасқан Vitala Investment Holdings компаниясының соңғы бенефициар иесі, Upper Grosvenor Street, 42 үйінің иесі ретінде тіркелген. Басылым Құлыбаев пен North Wind Capital өкілдерінің келісімге қатысты пікір білдіруден бас тартқан” деп жазды басылым.