Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Грекияда өртенген яхтада қазақстандық олигархтар болған

20:51, 25 маусым 2024 493

Грекияда өртенген яхтада қазақстандық олигархтар болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Кеше БАҚ бетінде қазақстандық демалушылардың яхтада отырып, Грекиядағы орманды өртеп жібергені туралы жаңалық тарады. Кейінірек біздің азаматтарымыздың ұсталғандар арасында болмағаны белгілі болды. Алайда, кемеде отандық олигархтар болғаны анықталды, бірақ олар қашып үлгерген.

Тергеуді тәуелсіз журналистік ұйым OCCRP жүргізді.

Ол «Персефони I» яхтасында жеті қазақстандықтың болғанын анықтады.

Солардың бірі – олигарх Данияр Әбілғазин. Қонақтардың арасында ұлттық мұнай компаниясы KMG International NV-нің бұрынғы топ-менеджері және олардың қызы болған.

Грек аралындағы өрттен кейін Әбілғазиннің жеке ұшағы Афины әуежайынан Алматыға ұшып кеткен. Сот құжаттарына сәйкес, ұшақта оның ұлы мен әйелі Айдан Сүлейменова және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар болған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?