Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді жезөкшелік әрекет басқа мамандықтармен қатар теңестірілді

08:46, 22 маусым 2024 622

Бельгияда секс-индустрия қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғауды және келісімшарт негізінде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін заң қабылданды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеск жасап.

Биылғы жылдың мамыр айында Бельгияда қабылданған заңның арқасында жезөкшелікпен айналысатындар жақында басқа мамандықтар өкілдерімен тең әлеуметтік құқықтарға ие болады. Жаңа ережелер оларға лицензияланған жұмыс берушілермен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді - бұл күрделі секторда тәртіп орнатуға бұрын-соңды болмаған талпыныс.

Бұрын Бельгиядағы хостес-барлар мен эротикалық массаж салондары «сұр» құқықтық аймақта өмір сүрді: жезөкшелерге қолма-қол ақша төленетін немесе оларды даяшы ретінде жалдайтын. Заңның жақтастарының пікірінше, бұл әртүрлі қиянатқа жол ашып отырды.

Сутенерліктің кейбір түрлері үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастап, бельгиялық билік бұл сектор үшін нақты ережелерді бекітуді көздейді. Бұл заң аталған бағытта жұмыс істейтін әйелдерге жәрдемақыға, медициналық сақтандыруға және декреттік демалысқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар