Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте бүлдіршінді ұрған тәрбиешіге ата-ана кешірім берді

19:17, 20 қазан 2024 330

Балабақша тәрбиешісі баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамай, оған қатыгездік көрсетті деп айыпталды. Оқиға 3 қыркүйекте Шымкенттегі балабақшалардың бірінде болған, дейді Alash.KZ.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы баланың төсекке жатуын талап етіп, екі рет ескерту жасаған. Қыз бала ескертуді елемеген соң мұғалім оның қолы мен аяғынан ұстап, сүйреген. Тәрбиешінің әрекеті бейнекамерада қалған. Тәрбиеші жұмыстан қуылды.

Сот мұғалімнің өз ісіне өкініп, кешірім сұрағанын және келтірілген зиянды өтегенін ескерді. Талапкердің сұрауымен қылмыстық іс тоқтатылып, сотталушы жауапкершіліктен босатылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?