Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шындықты неге айтпасқа?":Мөлдір Әуелбекова мен Дина Төлепберген не үшін сөзге келіп қалды? (ВИДЕО)

18:45, 08 қараша 2024 1680

Тікелей эфирде тележүргізуші Дина Төлепберген әнші Мөлдір Әуелбековаға орынсыз сұрақ қойып, қос тарап сөзге келіп қалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Ел білетін, бастысы сен білетін шындықты неге айтпасқа? Бұл басқаларға өнеге болуы мүмкін» - деп сұрайды Дина Төлепберген.

Тележүргізушінің бұл әрекетіне Мөлдір Әуелбекова ренішін білдіріп, сұраққа жауап беруден бас тартты.

«Дина ханым, біз келістік қой, бағдарламаға келетін кезде осы сұрақты қоймаймыз дедік. Сіз маған уәде еттіңіз ғой. Мына жерде қаншама көрермен отыр, осы сұрақты не үшін қойып отырсыз. Жеке сөйлестік қой. Болды, қажет емес. Өшіріңіздер болды. Мен жауап бермеймін», - деп әнші кеудесіне ілінген микрофонды алып тастайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?