Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин әскерилердің соғысқа дайындығын күшейтіп, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуге шақырды, деп жазады Alash.KZ CCTV-ға сілтеме жасап.
Си Цзиньпин 18 қазанда Қытай Халық азаттық армиясының зымырандық күштерінің бригадасын аралап шығып, әскерилерге тапсырма берді, деп жазды inbusiness.kz сайты.
"Нақты жауынгерлік қабілеттер мен стратегиялық тежеу мүмкіндіктерін арттырып, партия мен халық алға қойған түрлі міндеттерді табанды түрде орындау қажет", – деді ол.
2024 жылдың 14 қазанында Қытай армиясы Тайвань төңірегіндегі суда 2024В бірлескен қылыш жаттығуларын өткізді. Аға полковник Ли Си оқу-жаттығу Тайвань тәуелсіздігіне ұмтылған "сепаратистік күштерге" қуатты тосқауыл болуға арналғанын айтты.
Тайвань билігі қытайлық әскери жаттығуларды арандатушылық деп атады. Жаттығу барысында аралдың әуе қорғанысы аймағына 90 ұшақ, тікұшақ және ұшқышсыз ұшақтар жеткізілді.