Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сыйластықты сақтайық!" - ҚР министрлігі Якушевтің "Қазақстанға таққан айыбын" жоққа шығарды

20:35, 10 сәуір 2024 471

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі Қазақстан тарапына айып тақпақ болған Владимир Якушевтің мәлімдемесін жоққа шығарды,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, су жіберу туралы шешім Ресей тарапынан келетін ағынға сай қабылданады. Сондықтан, Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деп айту дұрыс емес. Бұл шындыққа жанаспайды.

2 сәуірден бастап Қазақстан жағы Ресей тарапына Тобыл өзені бойынша су өткізу жөніндегі шешімдер туралы ақпарат беріп отыр.

Тараптар тәулік бойы су ағынының ұлғаюына немесе азаюына қарай мәлімет алмасады. Сол себепті кез-келген келісілмеген әрекет туралы сөз жоқ.

Қазақстандық тарап Ресей жағымен сыйластық, көршілік әріптестік рухында ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға, ақпарат алмасуға дайын, -деді министрлік. 

Естеріңізде болса, Ресейдің табиғи апатпен күреске келгендегі дәрменсіздігіне Қазақстан "кінәлі болған" еді. Атап айтқанда,Ресей президенті Владимир Путиннің өкілетті өкілі Қорған мен Түмен облыстарындағы болған су тасқынына бола Қазақстанды айыптаған.

Егер Қазақстан өз бөгендеріндегі суды ағызу жағын бізбен жақсырақ келіссе, Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқынының салдары аса ауыр болмас еді, деді Ресей Федерациясы Президентінің Орал федералды округіндегі жарты төрағасы Владимир Якушев. Бұл жайлы Якушев РБК-ға берген сұхбатында мәлімдеді.

"Бізге қытымыр қыс болғанда, қар көп мөлшерде жауғанда, су қоймасында судың жеткілікті үлкен қоры жиналғанда су қоймаларындағы суды ағызу тетіктерін жүйелеу керек. Себебі, мұның бәрі келісіліп, судың біркелкі және дұрыс бөлініп аққаны жөн. Сондықтан бізде әріптестерімізбен [Қазақстаннан] реттейтін, басын ашып алатын дүние өте көп", — деді ол. Оның айтуынша, Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны проблемаларының алдын алуға болар еді,- деген болатын Якушев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар