Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамдар қайықпен қатынап жүр". Ресейдің Орынбор, Орскі қалалары су астында қалды

10:20, 08 сәуір 2024 541

Көрші Ресейде жағдай ауыр.  

Қарғын су қаланы басып қалды. Орынбор облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Орскідегі жағдай да өте ауыр деп бағаланып отыр. Орскі қаласы біздің Ақтөбеден 170 шақырым қашықта. Соңғы мәліметтер бойынша, Орск мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқан.

Тұрғындар тасқынынан қатты зардап шегіп жатыр. Әсіресе Орынбор облысындағы ахуал күрделі. Орск қаласында су бөгеті бұзылып, 6 мың 600-ден астам үйді су басты. Тұрғындардың айтуынша, Орскіде қаласының ескі бөлігіндегі көшелердің бәрін су басқан. Тасыған су үйлердің төбесіне дейін жеткен. Адамдар қайықпен қатынап жүр. Жалпы Орынбор облысындағы Жайық суы он бір метрге дейін көтерілген. Мамандар бұл 2014 жылы салынған жаңа бөгеттің жобалық деңгейінен екі есе көп дейді.

Орынбор облысының губернаторы да мұны өңір тарихындағы ең ірі су тасқыны деп айтты. Жергілікті билік Башқұртстан мен Челябі облысынан Ирикла өзенінің тасуы біраз басылғанымен әлі де қатты деп отыр. Қазір Ириклинск қоймасынан ағызалатын су мөлшері бес жүз текше метрге азайтылды. Дегенмен, мамандар жақын арада нөсер жауы мүмкін деп болжайды.

Орынбор облысында Ресейдің өзге өңірлерінен келген жеті жүз құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігігің өкілін Александр Ситниковтың айтуынша, Орск қаласының ескі бөлігінде су әлі тасып жатыр. Апат аудандарынан тұрғындарды эвакуациялауды Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да құрамалар жүзеге асыруда. Адамдарды қауіпсіз жерлерге қайықтармен көшіру үшін Пермь облысынан арнайы аэромобиль тобы көмекке келді. Қазір су басқан аймақтан төрт жарым мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Жергілікті билік 33 орналастыру пунктін ашамыз деп мәлімдеген. Олар 23 мың адамды қабылдай алады.

Орынбор облысынан басқа Ресейдің тағы 35 аймағы су тасқынынан зардап шегіп отыр. Алтай өлкесінде де төтенше жағдай енгізілді. Бұл аймақта бес жүзден астам үй су астында қалды. Самара облысындағы тоғыз ауданды су басты. Бес жүзге жуық адам эвакуацияланды.

Су тасқыны салдарынан Мари Эл өлкесінде бөгет бұзылды. Мәскеу облысының да бірнеше аймағын су басып жатыр. Ал Омбы мен Новосибирск облыстарында жоғары әзірлік режимі жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар