Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су астынан табылып жатқан мәйіттердің зияны қандай? - Эколог жауап берді

17:51, 11 сәуір 2024 749

Еліміздің жарты өңірін топан су басып, халық қазір қиын кезеңді бастап өткізіп жатыр. Бейіт басы суға кетіп, адам мәйіттері топырақ арасынан табылуда. Бұл жағдаяттардың экологияға қандай зияны бар? Бұл сұрақтың жауабын эколог маман, «Ecounion» орталығының басшысы Лаура Мәліковадан алдық.

-Жалпы, топан судың табиғатқа әсері қандай?

-Су тасқыны болған аймақтарды жаңсыз жатқан қалдықтар полигоны, малдардың өлекселері, адам көмілген жерлер, мазарлардың барлығы ашылып жатыр. Оның бәрі сумен араласқаннан кейін, кері әсерін тигізбей қоймайды.

Топырақтың ластануына және құдық басынан су ішіп отырған жерлердің суын жағымсыз етеді. Сондай-ақ барлық лас дүниені су өзімен алып кеткен болса, онда теңізді тазалау қажет болады.

-Су тек үйлерді ғана емес, даладағы түрлі дәретханаларды, бейіт бастарын шайып кетті. Қаншалықты қауіп төніп тұр?

-Әжетханалар, септиктардың суға араласып кетуі – бұлар адамның биологиялық қалдығы органикалық болғаннан кейін зияндылығы тез ыдырап кетеді. Ағаш та тез ыдырайтын элементке жатады.

Ал енді, малдың өлекселері, ит-мысықтың денелері, адамның мәйітін өте мұқият тазалау қажет. Оларды өртей ме, қайтадан көме ме, осы сұрақты нақты шешіп, әрекет ету қажет. Мәйіттерден биологиялық тұрғыдан қауіп бар.

-Топан судың жерге сіңу процесі қалай өтеді?

-Жерге сіңуіне келетін болсақ, су – топырақтың құрамындағы ылғалдылықты арттырады. Сәйкесінше, топырақтың құнарлылығы артады. Алайда, жаз өте қатты ыстық болады деп жатыр.

Нәжістер мен қағаз қалдықтары топыраққа тез сіңіп кетеді де, мәйіттер үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Топан су барып теңізге құятын болса, итбалықтарға да зиян тудырады.

Шашылған барлық қоқыстарды, кезінде осы «қаңтар оқиғасынан» кейін утильалымның ақшасын қалдық жөндеушілерге бермей, өздері миллиардтап алған «Автопромның» басшылары барып жинасын»,- деді Лаура Мәлікова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар