Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су басқан өңірлерде енді қуаңшылық қатты болуы мүмкін

20:22, 25 маусым 2024 537

Шілде айында Қазақстанның он өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Шілдеде, мына өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін.

Қостанай облысында-Амангелді және Жангелді аудандарында;

Ақтөбе облысында-Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;

Қарағанды облысында – Шет ауданында;

Ұлытау облысында - Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;

Алматы облысында - Балқаш және Жамбыл аудандарында;

Жамбыл облысында-Мойынқұм, Жуалы және Рысқұлов аудандарында;

Түркістан облысында-Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;

Қызылорда облысында-Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;

Маңғыстау облысында – Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;

Атырау облысының басым бөлігінде.

Шілдеде орташа ылғалдылық Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногрос қаласында күтіледі.

Қалған өңірлерде жағдай қалыпты болады деген болжам бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар