Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Си Цзиньпин 10 жастағы қазақ баласын беделді университетте білім алуға шақырды

17:28, 02 шілде 2024 711

Астанаға мемлекеттік сапармен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келді. Елордада маңызды қонақты балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж қарсы алды. Жүздесудегі жарқын сәттерді отандық БАҚ жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Zakon.kz порталына сілтеп.  

Журналист Әділ Балтабаев ресми кездесуден шағын бейнемен бөлісті.

"PRESIDENT" жобасының жүргізушісі және авторы күтіп алу кезінде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушылардың бірі – 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атады.

"Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды", – деді іс-шарада болған оқиға туралы Балтабаев.

Қытайдың көшбасшысы Қазақстанда үш күн болады: 2-4 шілде аралығында.

Сапар бағдарламасы жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізуді және бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды көздейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар