Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Авиакомпаниялар айтқанымызға көне бермейді". Депутат домбыраны ұшаққа "жолатпайтындарға" қатысты пікір айтты

10:48, 29 маусым 2024 499

Домбыраны ұшаққа кіргізбей, арты дауға ұласып жатқан жағдайларға қатысты айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтай да өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Qaz365.kz-ке сілтеп.

«Мұның бәрі қабырғамызға батады. Енді бүгінгі таңда жас ұрпақты қазақтың қасиетті аспабы домбыраны танып білуге, үйренуге бағытталған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Менің депутаттық сауалыма берген Мәдениет және ақпарат министрінің жауабында мектеп қабырғасынан бастап, үйірмелердің ашылып жатқаны айтылған. Авиакомпаниялар домбыраны бірге алып жүруге рұқсат етпейді, багажға салсаңыз сынып қалады. Ол арзан аспап емес. Өнер адамының жан серігіне айналған құрал. Сондықтан алдағы уақытта осыны түбегейлі шешуіміз керек. Жеке авиакомпаниялар айтқанымызға көніп, айдағанымызға жүре бермейді. Ең бастысы, дұрыс әділетті шешім қабылдауға ықпал етеміз деп ойлаймын», - дейді Аманжол Әлтай.

Айта кетейік, былтыр депутат Ринат Зайытов: «Егер рұқсат берілмесе, қолдарыңыздан келмесе, онда Астана мен Алматы әуежайына жоқ дегенде мың домбырашыны қойып, Адай күйін орындап, жалынып сұрайық» деген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар