Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тайжан 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

11:47, 03 мамыр 2023 309
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әңгіме М.Тайжан мен кәсіпкер М.Сейсембаевтың арасындағы дау туралы болып отыр. Бұл туралы «ДИКАЯ АЗИЯ» телеграм каналы жазды.

М.Тайжанды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін және салық төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы әбден мүмкін. Бұл туралы «ДИКАЯ АЗИЯ» телеграм каналы жазды.

Естеріңізде болса, 2016 жылы М.Тайжан М.Сейсембаевтан «бизнесімді дамытамын» деп 332 мың АҚШ долларын (148 млн теңге) алған. Бірақ белсенді бұл келісімшарт туралы салық декларациясында көрсетпеген және табысынан салық төлемеген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 244-бабы бойынша (салық төлеуден жалтару) енді Мұхтар Тайжан 3 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Бұдан бөлек, М.Тайжанға тиесілі бірнеше фирма соңғы 10 жылда салық төлемегені әшкере болған көрінеді.



«М.Тайжан әлгі қыруар қаржыны «бизнесімді дамытамын» деп алғанымен, оны жеке мұқтаждығына жұмсаған» деген де сөз бар. Өйткені дәл сол жылдары М.Тайжанның ұлы АҚШ-тың және ұлыбританияның беделді әрі қымбат оқу орындарында оқып жүрген. М.Тайжанның өзі сұхбаттарының бірінде ұлының оқуына 700 мың доллар жұмсағанын айтады.

Бизнеске деп алған ақшаны басқа мақсатқа жұмсағанында заңсыз кәсіпкерлік белгілері бар. Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша мұндай қылмыс жасағандар үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған.

«Осылайша өзін «қоғам белсендісі» ретінде көрсетіп жүрген Мұхтар Тайжанға заңға қарсы әрекеттері үшін бес жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр», – деп жазды телеграм-канал.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар