Желіде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің көпбалалы анаға ұрсып жатқан видеосы тарады, деп жазады Alash.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл оқиға 2023 жылдың қараша айында болған. Әкімнің жеке қабылдауына қала тұрғыны Бақшан Сұлушаш тұрғын үй мәселесімен келген.
“Әкім тұрғын үй мәселесімен жүгінген қала тұрғынына түсіндірме жұмыстарын бірнеше рет жасағанымен, азаматша кезектен тыс заңсыз тұрғын үй беруді сұрады. Бұған дейін де солай болғанын бірнеше рет қайталап, заңсыз баспана беруді талап етті”, – делінген хабарламада.