Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасқын су қаупі төніп тұрған өңірлер әлі көп. Кемерінен асқан судың кәдеге жаратылатыны айтылды

10:45, 05 мамыр 2024 380

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су қоймаларындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Министрліктің ресми сайтында хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысында облыстағы төрт ірі су қоймасы 91 пайызға толған. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, облыста су тасқынының екінші толқыны жалғасып жатыр. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі күндіз 6 см-ге төмендеді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100 пайызға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100 пайызға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1185 см. Ол бір тәулікте 23 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96 пайыз. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының қарқынды кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83 пайыз. Су тасқыны жалғасып жатыр.

Абай облысы, Шүлбі су қоймасы 46,2 пайызға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне ағын жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,5 пайызға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92 пайыз . Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Су қоймаларында "Қазсушар" мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар