Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі актер болып шықты

16:23, 02 ақпан 2024 296

Қолғамда үлкен резонаныс тудырған Қарағандыдағы соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын.




"Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын", - дейді ол.

Сондай-ақ жәбірленуші денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты.
"Мұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік", - дейді Төреғали.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар