Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тез ашуланасыз: Тезірек суреттен ең бірінші не көргеніңізді табыңыз

00:38, 14 шілде 2024 4580

Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз? Көргеніңіз бойжеткеннің басы ма немесе егде жастағы ер адамның беті ме?

Егер бойжеткеннің басын көрсеңіз:

– сіз оптимистсіз және қызыққұмарсыз
– сіз қызба мінезісіз және әрекетіңіз көңіл-күйіңізге байланысты
– сіз өзге адамдарға көмек көрсеткеннен ләззат аласыз
– сіз мықты, ер мінезді жансыз
– сіз қиындықтарыңызды айналаңыздағылармен бөлісіп, пікірлері мен кеңестерін ескерсеңіз, өзіңізді шыңдай түсесіз

Егер ер адамның бетін көрсеңіз:

– сіз сабырлы, адал, шыншыл жансыз
– сіз тумысыңыздан көшбашысыз және кез-келген істі бастауға қабілетіңіз жетеді
– діттеген мақсатқа жетер жолда қызбалыққа салынбай, әр қадамыңызды дұрыс әрі аңдап басасыз
– сіз бәрінің мінсіз болғанын қалайсыз және кемелдікке деген ұмтылысыңыз – күйзеліске түсуіңіздің қосымша себебі
– ара-тұра өзіңізге демалыс беруге дағдыланыңыз, барлығы өз ретімен болады

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар