Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында комаға түскен сарбазға зорлық-зомбылық жасалғаны расталды

19:58, 12 шілде 2024 619

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растады, деп хабарлайды Alash.KZ Kazinform сайтына сілтеп.

Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

«Сарбаз Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Аталған факті бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған сержантқа қатысты тергеу басталды. Бүгінде әскери-тергеу органдары әскери қызметшіге қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деді ведомство өкілі Руслан Жанғұлин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар