Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев аймағын су басып жатқан Атырау облысы әкімімен телефон арқылы тілдесті

09:34, 06 сәуір 2024 428
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ақорда хабарламасында президенттің облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отырғаны айтылған. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатқаны және аталмыш жұмыстардың одан әрі күшейтілетіні хабарланған

Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты "Ембі-Ақкиізтоғай" гидропосты су астында қалды. Гидропостты су алу кезінде су деңгейі 350 см - ең жоғары шекке жете бастаған, яғни 340 см құрады, ал сағат 09:30-дан бастап Құлсары қаласын да су ала бастаған. Бұған қатысты: 

"5 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан 500-ге жуық нысан мен инфрақұрылымдық ғимараттар су астында қалды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар, орталық стадион, Құлсары әкімдігі және сауда нүктелерін су басты", – деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.
Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіліп, материалдық шығындар өтелетінін айтып отыр. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар