Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында 10 жастағы бала қарғын суға батып кетті

14:02, 03 сәуір 2024 379

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында бір бала қарғын суға батып кетті, деп хабарлайды Аlash.KZ ұлттық порталы. 

Қарғын суға кеткен бала 10 жаста, жергілікті мектеп мұғалімінің тұңғыш перзенті болған.

«Отағасы мектепте күзетші болып жұмыс істейді, жұбайы екеуі тағы екі қызды тәрбиелеп отыр. Ұжым отбасына көмек көрсетуде», - деп хабарлады ауыл әкімдігі.

Ауылдық округ әкімі Кеңшілік Байдрахмановтың айтуынша, 2 сәуір күні сабақтан кейін төрт бала көшеде ойнап жүрген. Осы кезде олардың бірі еріген суға түсіп, бала тұншығып, ақырында қайтыс болған. Өкінішке қарай, көмекке ересектер келгеніне қарамастан бәрі кеш болған.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурыз күні сағат 13:00 шамасында Ақтөбе облысының Ебейті ауылында 4 жасар бала еріген қар суына батып кеткен еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар