Ақпаратты Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі растады.
«Кеген ауданы сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша күдікке ілінген Төреғали Әлиханов 10 миллион теңге кепілдікпен тергеу изоляторынан босатылады» делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төрәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.
Оқиға 28 қыркүйекте «Көлсай көлдері» ұлттық саябағы аумағында орын алған.
Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.